Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 19.03.2018, 15:00
- 20.03.2018, 19:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сагиева Зита 19.03.2018, 15:02, Сұрақ нөмірі: 7608
Құрметті Алик Жатқамбайұлы, саламатсызба! Жұмыстарыңызға зор сәттілік тілей отырып, келіп қалған жаңару Наурыз мерекесі құтты болсын!
Менің сұрағым мемлекеттік қызмет өткеру бойынша.
Өткен жылы мемлекеттік қызметшілерді жаппай аттестациялау болып өтті, соның негізінде оның тәртібіне сәйкес аттестацияның оң қорытындысын алған мемлекеттік қызметшілер қателеспесем 6 ай ішінде көтермеленуі қажет болатын. Әлде қалай?
Мысалы: егер мемлекеттік қызметші белгілі бір мемл. органның құрылымдық бөлімшесінде ең төменгі лауазымында жұмыс жасайды делік, аттестацияның қорытындысы бойынша ол мемл.қызметшіге аттестаттау комиссиясы оң баға беріп, мемлекеттік қызметшіні жоғарылату ұсынысы берілді. Бірақ ол жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімшенің ішіндегі басқармада жоғары тұрған бос орын жоқ, бірақ сол құрылымдық бөлімшенің басқа басқармасында бос орын бар. Осы ретте, аталған мем.қызметшінің бос орынға қойылатын талаптарға сәйкес келе отырып, сол құрылымдық бөлімшенің басқа басқармада тұрған бос орынға ауыстырыла аладыма?
Егер, ауыстырылуға жатса, бірақ жасалған ұсыныс тек жай ұсыныс ретінде ғана қалуы қаншалықты заңды?
Екінші сауал: жоғарыдағы жағдайды жалғасы ретінде. Мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір мемлекеттік органнан аттестациядан соң 6 ай өткеннен кейін әр бір аттестациялық комиссияның жасалған оң ұсыныстарына талдау жүргізілдіме? Жүргізілсе жекелеген жағдайды қарастыра отырып айтсақ Сіздің мем. органда қанша мемлекеттік қызметшіге оң ұсыныс берілді, олардың қаншасы жоғарылатылды? Оң ұсыныс алған мем.қызметшілердің қаншасы өз еркімен жұмыстан кетті?
Өз ойым, аса құрметті Алик Жатқамбайұлы, жоғарыда келтірілген аттестациялаудың қорытындысы бойынша оң ұсыныс алған мем.қызметшілер не үшін қызметтерінен кеткеніне терең талдау жүргізген жөн деп есептеймін, себебі мем.қызметшілер көбіне өз еркімен жұмыстан босатылатыны анық. Ал ойлап қарасақ аттестаттау қорытындысы бойынша 6 ай өткеннен кейін жоғарыламаған мем.қызметкер үмітін үзетіндігі анық қой, осылайша мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға нұқсан келетіні айдан анық!
Назарыңызға рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2018, 11:28
Құрметті Зита! Сіздің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауға қатысты сауалыңызға келесіні хабарлаймыз. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес өткізілді. Жарлықтың 2-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілді. Бұл ретте, Аттестаттау өткізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес аттестаттау кезеңінде оқу демалысында, еңбекақысы сақталмайтын демалыста, ұзақ іссапарда болған немесе науқастануы салдарынан жұмыста болмаған, сондай-ақ халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға жіберілген «Б» корпусының қызметшілері аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін алты айдың ішінде 2017 жылдың соңына дейін өтеді. Осылайша, «Б» корпусы қызметшілерінің аттестаттауы 2017 жылы өткізілді, тиісінше аттестаттау комиссияларының шешімдерін тек қана жоғарыда көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болды. Жалпы аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіби біліктілігін көрсете білген қызметшілердің мансаптық күтулері қанағаттандырылды деуге болады. Бұл жағдайды лауазымын жоғарылатуға ұсынылған қызметшілердің саны лауазымын төмендету мен қызметтен шығару туралы шешімдерді бірге алғандағы саннан бес есе артық екені растайды. Аттестаттау комиссиялары шешімдерінің негізінде барлығы 1405 қызметші жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.