Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 19.03.2018, 15:00
  • 20.03.2018, 19:00
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ақанаева Диляра 19.03.2018, 16:48, Сұрақ нөмірі: 7623

  • 0

Салеметсізбе! Қарапайым мемлекеттік қызметшілерге баспанамен қамтамасыз ету бойынша қандай іс-шаралар қарастырылуда? Жеңілдіктер болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2018, 11:53

Құрметті Диляра! Мемлекет басшысымен жарияланған «7-20-25» жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы (несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарна – 20%, несиелендіру мерзімі – 25 жыл) мемлекеттік қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуде нақты құрал болып табылады. Құрметтпен,А. Шпекбаев