Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 19.03.2018, 15:00
- 20.03.2018, 19:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мендібаева Айтолқын 19.03.2018, 16:51, Сұрақ нөмірі: 7624
Көп балалы ата-ана болып отырған мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда қандай нақты жобалар жүзеге асырылады? Мысалы?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2018, 21:03
Құрметті Айтолқын! Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте көп балалы азаматтар үшін бөлек әлеуметтік артықшылықтар қарастырылмаған. Дегенмен, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің ынтасын арттыру және кәсіби мамандарды тарту мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қамсыздандыруын ұлғайту мәселесі пысықталуда. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметте болған әрбір жылы үшін зейнетақы жинақыларына қосымша есептеулерді және аймақтардағы мемлекеттік қызметшілерге орталықтандырылған медициналық қызмет көрсету мәселелері зерттелуде. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама әскери қызметшілердің балаларына кезексіз балабақшалардағы орындармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай жеңілдіктерді мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, яғни министрліктердің және әкімдіктердің жұмысшылары үшін қарастыру жоспарланған. Құрметпен,А. Шпекбаев