Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 19.03.2018, 15:00
- 20.03.2018, 19:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Уябасарова Анар 19.03.2018, 16:59, Сұрақ нөмірі: 7629
Қайырлы күн Алик Жатқанбайұлы мемлекеттік қызметке түсу үшін жоғары білім болу міндетті ме? Орта кәсіптік білім дипломымен мемлекеттік қызметке орналасу мүмкін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2018, 21:01
Құрметті Анар! Мемлекеттік лауазымдарға білім бойынша талаптар Агенттіктің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында белгіленген. Осылайша, Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес облыстық деңгейдегі жетекші маман, аудандық және ауылдық деңгейдегі бас маман және олардан төмен лауазымдарға орналасуға орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, жоғары білімі бар қызметшілердің үлесі жылдан-жылға өсуде. Айта кетсек, жиырма жыл бұрын мемлекеттік органдарда жоғары білімі бар қызметшілердің үлесі 70% болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 92%-ды құрайды. Сондай-ақ, әлемнің және еліміздің үздік оқу орындарында білім алған қызметшілердің саны да өсуде. Мысалы, бүгінгі күні, «Болашақ» бағдарламасының 505 түлегі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 740 түлегі және Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтының 104 түлегі мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруда. Құрметпен, А. Шпекбаев