Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 19.03.2018, 15:00
- 20.03.2018, 19:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Әубәкірова Алуа 19.03.2018, 17:04, Сұрақ нөмірі: 7632
Менде келесі сұрақ, неліктен мемлекеттік қызметшілердің тарапынан әдеп нормаларының бұзылуы жалғасуда, бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын толық білмейтіндігін көрсетеді ме? әлде олар мемлекеттік қызменттің айлығы аз деп қызметті бағаламайды ма? менімше бағаламайтың сияқты
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.03.2018
Құрметті Алуа Әубәкірова! Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Агенттіктің тапсырмасы бойынша «Білім» ғылыми-зерттеу орталығымен «Мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейлерін анықтау» тақырыбында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне сәйкес респонденттердің 73% мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейлерін жоғары бағалайтынын білдірген. Бұған қоса, Әдеп жөніндегі кеңестердің ұсыныстары бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзғандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны жылдан-жылға азаюда (2015ж. – 338, 2016ж. – 232, 2017ж. – 202). Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттiк қызметшiлердiң әдептілік деңгейін жоғарылату және алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізіліп, Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтары профилактикасына бағытталуда. Құрметпен, А. Шпекбаев