Халықты жұмыспен қамту туралы

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 30.03.2018, 10:00
  • 30.03.2018, 18:30
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Минайдарова Акерке 30.03.2018, 10:33, Сұрақ нөмірі: 7637

  • 0

Жұмыссыздарды азайту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 30.March.2018, 14:51

Сұрағыңызға рахмет! Бүгінгі күнгі алдымызда тұрған мақсаттың бірі осы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б.Сағынтаевпен Қызылорда облысы әкімінің арасында Меморандум қабылданған болатын, Меморандум бойынша биылғы жылы жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызда сақтап қалу белгіленген. Бұл мақсатқа жету үшін облыста бірқатар шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылы «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 4,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 6018 адам бағдарламаға қатыстырылды. Бірінші бағыт - бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету аясында - 3120 адам оқытылады. 20 наурыздағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқытуға 200 адам жолданды. 2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласында - 1515 адам, қысқа мерзімді курстарда - 3 625 адам оқытылды. «Кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша: «Бастау Бизнес» жобасында 1600 адам оқытылуы жоспарлануда, 2017 жылы 937 адам оқытылды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүргізіледі. Оқуға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жерде жұмыспен қамту орталықтарына хабарласады. Шағын несиелендіруге - 203 қатысушыға 1,9 млрд.теңге көзделген. Соңғы қарыз алушыларға несие беру сәуір айында басталатын болады, 2017 жылы - 2,0 млрд. теңгеге 556 адамға берілген болатын. Қазіргі таңда олар өз кәсібімен айналысуда. Несиелендіру сәуір айынан басталады. Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру - 8321 адам, оның ішінде: - әлеуметтік жұмыс орындары - 419 адам жоспарланса, бүгінгі таңда нақты 463 адам жолданды; - жастар тәжірибесі - 1212 адам жоспарланса, нақты 772 адам жолданды; - қоғамдық жұмыстар - 6400 адам жоспарланса, нақты 1882 адам қамтылды; 1858 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, 2017 жылы - 13987 адам жұмыспен қамтылды; 281 отбасын еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аудару жоспарлануда, 2017 жылы - 32 отбасы қоныс аударды. Ағымдағы жылдың 1-3 наурыз аралығында Қызылорда облысына Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясы арнайы іссапармен келіп, барлық аудандарда және ірі елді мекендерде халықпен кездесулер өткізіліп, 1934-ке жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 1397-ге жуық азаматтар жәрмеңкеге қатысып, 222 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында министрлікпен келісілген кестеге сәйкес Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясының келуі жоспарланып отыр.