Халықты жұмыспен қамту туралы

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 30.03.2018, 10:00
  • 30.03.2018, 18:30
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Мырзағұлова Нұргүл 30.03.2018, 11:01, Сұрақ нөмірі: 7638

  • 0

Сәлеметсіз бе! Құрметті Қырымбек Елеуұлы облыс халқын жұмыспен қамту үшін қандай шаралар қабылдануда?

Қызылорда облысы 30.March.2018, 14:53

Сәлеметсіз бе, Нұргүл! Сауалыңызызға рахмет! 2018 жылы халықты жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспардың аясында жұмыспен қамту шараларымен кемінде 39 625 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Нақты қамтылғаны 5168 адам немесе жылдық көрсеткіштің 13% -ы қамтылған. Кешенді жоспарды әзірлеу кезінде еңбек нарығына талдау жүргізілді. Сұраныс пен ұсыныс экономика мамандықтары мен салалары бойынша қаралды. Жалпы жұмыспен қамту шараларымен қамтылатын 39 625 адам оның ішінде: - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шараларына - 14000 адам. - Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 11 333 мың адам жұмысқа орналастырылады. - Мемлекеттік және салалық бағдарламаларда 6889 адам орналастырылуы көзделуде. Барлығы жалпы сомасы 55,6 млрд. теңге болатын 188 жоба жүзеге асырылады. Соның ішінде: - «Нұрлы жол» - 31 жоба -177 жұмыс орны; - «Нұрлы жер» - 21 жоба - 148 жұмыс орны; - «ҮИИДБ» - 11 жоба - 4 74 жұмыс орны; - «Агробизнес 2020» - 8 жоба - 325 жұмыс орны; -«Бизнестің жол картасы 2020» - 15 жоба -16 жұмыс орны; -«Қызылорда облысының даму бағдарламасы» - 102 жоба - 955 жұмыс орны; - жеке бастамалар – 4794 жұмыс орны.