Халықты жұмыспен қамту туралы
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 30.03.2018, 10:00
- 30.03.2018, 18:30
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Карлыбаева Гульнар 30.03.2018, 11:38, Сұрақ нөмірі: 7639
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар биылда жалғасын таба ма? Рахмет!
Қызылорда облысы 30.March.2018, 14:56
Сауалыңызға рахмет! Осы ретте, 2017 жылдың шілде-тамыз айларында Қызылорда облысына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының жұмыс берушілер делегациясы арнайы іссапармен шақырылып, 1958-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 32 отбасы (132 адам) Солтүстік өңірлерге қоныс аударды, атап айтқанда Павлодар облысына - 2 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына - 19 отбасы, Қостанай облысына - 10 отбасы, Шығыс Қазақстан облысына – 1 отбасы. Биылғы жылы да «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы біздің облысымызға 281 отбасына квота бөлінді. Бұл Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары. Жалпы, мұндай бізден қоныс аударғандар келісіп көшкендер, сондықтан қайтып келуге ниет білдіргендер болған жоқ. Көшкен азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі, яғни жұмыспен, үймен, әлеуметтік қолдау шараларымен, мектеп, мектепке дейінгі балабақшамен қамтылады. Орта есеппен бір отбасына құрамында 4 адам болса – қоныс аударуға субсидия – 336 700 теңге, 12 айға үй арендасы – 519 480 теңге, барлығы 856 180 теңге. Ағымдағы жылдың 1-3 наурыз аралығында Қызылорда облысына Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясы арнайы іссапармен келіп, барлық аудандарда және ірі елді мекендерде, халықпен кездесулер өткізіліп, 1934-ке жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 1397-ге жуық азаматтар жәрмеңкеге қатысып, 222 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында министрлікпен келісілген кестеге сәйкес Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясының келуі жоспарланып отыр.