Халықты жұмыспен қамту туралы

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 30.03.2018, 10:00
  • 30.03.2018, 18:30
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Тулегенова Гульжанат 30.03.2018, Сұрақ нөмірі: 7640

  • 0

Қайырлы күн Қырымбек Елеуұлы! Осы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін азаматтардың жұмыспен қамтылуы міндетті ма?

Қызылорда облысы 30.March.2018, 16:17

Қайырлы күн Гүлжанат! Сұрағыңызға рахмет! 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылғандарға қолданыстағы төлемдердің үш түрін біріктіру арқылы енгізілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-нан төмен отбасыларға беріледі. АӘК жаңа үлгіде шартты және шартсыз ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі. Мұндай отбасылардан жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек 3 айға тағайындалады. Құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. Осы мақсатта, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.