Халықты жұмыспен қамту туралы

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 30.03.2018, 10:00
  • 30.03.2018, 18:30
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Лайсова Жулдызай 30.03.2018, 15:29, Сұрақ нөмірі: 7643

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы мүмкүндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуында кедергілер жоқ па?

Қызылорда облысы 30.March.2018, 16:15

Сауалыңызға рахмет Жұлдызай! Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырған емес. Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан ай сайын мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр. Бүгінгі күнге «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 102 мүгедек, оның ішінде 17 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 15 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 16 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 54 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл мәселе бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.