Халықты жұмыспен қамту туралы

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 30.03.2018, 10:00
  • 30.03.2018, 18:30
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Нұрғали Еламан 30.03.2018, 16:33, Сұрақ нөмірі: 7644

  • 0

Қырымбек Елеуұлы қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар туралы көп айтылады, оларға қатысты қандай жұмыстар жүргізілетін болады?

Қызылорда облысы 30.March.2018, 17:17

Сауалыңызға рахмет Еламан! 2018 жылдың 1 қаңтарына үй аралау қорытындысы бойынша 128 978 азаматтың мәртебесі жоқ екендігі анықталды. Ағымдағы жылдың 20 наурызында 15 887 азаматтың санаты өзектендірілді немесе 12,3 %. Ең көбі 88 386 адамды, оның ішінде: 37405 тіркелмеген жұмыссыздар және 50981 нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрап отыр. Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында Жол картаның индикаторлары анықталды - 39625 адам. 2018 жылғы 1 наурызға 5168 адам немесе жылдық жоспардың 13 пайызы. Жобалық басқару аясында 30 мыңнан кем емес өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру жоспарланды. Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру ақпараттық-түсіндірме жұмыстары арқылы жүргізілуде. Барлық аудандар мен Қызылорда қаласында мобильдік жұмысшы топ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкерлер Палатасы алаңында жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы (әлеуметтік желілер) тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Облыстық телеарна күнделікті әлеуметтік саясат жөнінде бейнероликтер көрсетуде, соның ішінде: «Міндетті зейнетақы жарнасы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарды төлеу қажеттігі туралы». Заңсыз кәсіппен айналысқан 944 тұлғаға мемлекеттік кірістер органдарына тіркелу жөнінде хабарлама таратылды. Бүгінгі күнге бұл деректер дерекқорға енгізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 20 наурызға 5,3 мың адам рәсімделіп, оларға зейнетақы аударымдары түсті. Осы орайда, кәсіпкерліктің дамуына, әсіресе ауылдық жерде дамуына аса мән берудеміз. Осыны ескере отырып, әкімдік, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қоғамдық кеңес және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен Қызылорда облысында 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияладық. Бұл мақсаттарға ағымдағы жылы барлық көздерден 32 млрд. теңге бағыттаймыз.