Халықты жұмыспен қамту туралы
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 30.03.2018, 10:00
- 30.03.2018, 18:30
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ғалымұлы Нұрсұлтан 30.03.2018, 16:39, Сұрақ нөмірі: 7645
Саламатсыз ба! Құрметті Қырымбек Елеуұлы электрондық еңбек биржасы туралы білгім келеді? Алдын ала рахмет!
Қызылорда облысы 30.March.2018, 17:39
Саламатсыз ба, Нұрсұлтан! Елбасы Жолдауында Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау тапсырылған. Бүгінгі күнге Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізілу басталды. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталады. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады. Осы орайда, өткен жылы ауыл әкімдерінің жұмыс орындарын автоматтандыру жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жұмыстар ұйымдастырылуда. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай электрондық еңбек биржасын енгізу үшін тез арада автоматтандыру мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында және Қазалы, Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарының 14 ауылдық округтерінде толығымен қосылған. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Арал, Қармақшы аудандарында қосылуы күтілуде.