«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы»
«Жекешелендірудің екінші толқыны» орындау барысы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төраға міндетін атқарушысы Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 25.04.2018, 10:00
- 25.04.2018
- Ыбырайымов Ғалымжан УалиханұлыҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төраға міндетін атқарушысы Ыбырайымов Ғалымжан Уалиханұлы
Койбагарова Динара 25.04.2018, 11:07, Сұрақ нөмірі: 7665
Мемлекет басшысы 2018 жылы жекешелендіруді аяқтауды тапсырған болатын. Ағымдағы жылдың соңына қарай барлық объекті сатылады ма және Жекешелендірудің кешенді жоспары орындалғаннан кейін Үкіметтің жоспарлары қандай?
ҚР Қаржы министрлігі 25.April.2018, 11:28
Құрметті Динара! 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қайта құрылатын және таратылатын объектілерді есепке алғанда Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 77%-ды құрайды. Осы кезең ішінде 387 объекті сатылды, сату бағасы 199,4 млрд. теңгені құрады, 294 объекті қайта құрылу және таратылу сатысында. Бұл ретте, жыл басынан бастап ағымдағы жылы сатуға жоспарланған 264 объектінің 65-і сауда-саттыққа шығарылды, олардың 29-ы 19,4 млрд. теңге сомасына сатылды. 19 объекті бойынша тарату туралы шешім қабылданды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның 9 ірі компаниясын 2019-2020 жылдары ҚР бағалы қағаздарының ұйымдастырылған нарығында инвесторлардың кең шеңбері үшін IPO/SPO-ға шығару қарастырылған. Аталған компаниялардың ішінен 3-уін IPO-ға шығару бойынша жұмыс ағымдағы жылы басталды («Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ). Осылайша, жекешелендіру үдерісі ерекше бақылауда және Мемлекет Басшысының тапсырмасы мерзімінде орындалатын болады. Сонымен қатар, Жекешелендіру бағдарламасы ұзақ сипатқа ие екендігін атап өту қажет. Мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдар ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополияға қарсы орган жыл сайынғы негізде жүргізетін бәсекелестікті дамыту мәніне тауар нарықтарын талдау нәтижелерінің негізінде олардың санын қысқарту мақсатында қайта қаралатын болады. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығында бәсекелестік дамуының жеткілікті деңгейін анықтаған жағдайда, осындай объектілерді бәсекелес ортаға беру туралы мәселе қаралады. Бұдан басқа, Мемлекет Басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2017 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде: жекешелендіру жоспарын мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын қысқарту есебінен кеңейте отырып, оны іске асыруды жылдамдатуды; әкімшілік шығыстарды төмендету үшін мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын мүмкіндігінше біріктіруді тапсырды. Осылайша, Жекешелендірудің кешенді жоспары кеңейтіледі және тиісінше оны іске асыру мерзімдері қайта қаралады.