Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті өткеру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті өткеру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.М. Медетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.04.2018, 10:00
- 26.04.2018, 16:00
- Ақтобе облысында мемлекеттік қызмет істер жыне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі
Никтаев Максат 26.04.2018, 13:01, Сұрақ нөмірі: 7669
Сіздің ойыңызша тұрмыстық жемқорлықты жоюдың негізгі жолдары қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.April.2018, 13:38
Жалпы, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Халық үшін электронды түрде қызмет алудың тиімділігі көп. Біріншіден, азаматтар мемлекеттік мекемеге бармайды, яғни уақытын және жолға қаражатын үнемдейді, екіншіден, кезек күтпейді, барлығы жылдам жүреді, үшіншіден, мемлекеттік қызмет алушы мен мемлекеттік қызмет беруші арасында тікелей қатынас жойылады, яғни тұрмыстық жемқорлықтың деңгейі азаяды. Бүгінгі күні тізілімдегі 746 мемлекеттік қызметтің, облыс аумағында 350-ден астам түрі көрсетілсе, оның 200-і (55 %) «электронды үкімет» порталы арқылы қолжетімді екенін атап өту керек. 2018 жылдың 1 тоқсанында 1407 520 қызмет көрсетілсе, оның 30 % (424615 қыхмет) электронды түрде, ал 13,7 % (193 298 қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар және ұйымдар уақытында әрі қысқа мерзімде қызмет көрсетуге ұмтылуы қажет. Бұл заман талабы. Бүгінгі күні «SmartCityAktobe» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, денсаулықты сақтау саласындағы электронды өтінімдер қабылдауды қамтамасыз ететін «Қамқор» ақпараттық жүйесі электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін елеулі өсіруге өз септігін тигізеді. «Қамқор» жүйесімен «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» медициналық қызметтеріне «Дамумед» мобильдік қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлықты жоюда маңызды рөл алдын алуға бағытталған шараларға бөлінеді. Осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, «Есіктен есікке» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамаларды коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған түбіртектердің кері жақ бетіне бекіте отырып, тарату, мекеме ғимараттарында және адам көп шоғыранған жерлерде плакаттар, сондай-ақ көшелерде баннерлер орналастыру жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 130 мыңнан астам түбіртектер таратылып, 167 баннер, 52 601 плакаттар және жадынамалар орналастырылды.