Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 16.05.2018, 15:00
- 16.05.2018, 18:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мухамедиев Мейірхан 16.05.2018, 17:00, Сұрақ нөмірі: 7690
Құрметті Алик Жаткамбаевич! Агенттіктің Алматыдағы аумақтық департаментінде жетекші маман (С-О-6 санаты) лауаымы қашан көбейтілмек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.May.2018, 20:23
Құрметті Мейірхан! Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымдары және штат саны туралы Агенттік Төрағасының бекітілген бұйрығына сәйкес, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басым бөлігінде (С-О-6) жетекші маман төмен лауазымдары енгізілген. Сонымен қатар, штат санын есептегенде аумақтың халық саны және мемлекеттік қызметшілерінің саны назарға алынады. Агенттіктің аумақтық органдарында штат санының көп болмауына байланысты, олар көбірек білікті мамандарды тартуға қызығушылық танытады. Осыған байланысты, Агенттіктің аумақтық органдарында С-О-6 санаты бойынша штат санын көбейту жақын уақытта мүмкін емес.