Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 16.05.2018, 15:00
- 16.05.2018, 18:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Молданиязов Алибек 16.05.2018, 17:00, Сұрақ нөмірі: 7691
Алик Жаткамбаевич! Сыбайлас жемқорлық туралы ұлттық баяндамада бірқатар жақсы ұсыныстар айтылған. Мысалы, білім беру саласындағы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды формаға ауыстыру. Менің сұрағым, жалпы Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлықты жоюда электронды үкімет немесе осы бағыттағы басқа да ақпараттық технологиялардың маңызы қандай деп ойлайсыз? Электронды жүйенің қандай жақсы нәтижеге жеткендігін нақты мысалдармен айта аласыз ба? Аталған бағыттарда алдағы уақытта қандай жұмыстар жоспары бар?
Алдын ала рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2018, 09:09
Құрметті Әлібек! Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлықты жоюда электронды үкімет немесе осы бағыттағы басқа да ақпараттық технологиялардың маңызы ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру, сонымен қатар қызмет көрсетулер барысында тікелей байланысты жою болып табылады. 2018 жылдың басынан Астана қаласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Астана – адалдық алаңы» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жобаның шеңберінде мемлекеттік сатып алу бағыты бойынша «IT -Керемет» компаниясының бағдарламасын ендіру мәселесі пысықталуда. Сонымен бірге ағымдағы жылы «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы өңірлерде іске асырылуда. Аталған жобаның шеңберінде Агенттіктің аумақтық құрылымдары әрбір өтінішке жедел түрде іс-әрекеттер қабылдауда. Осы мақсатпен әлеуметтік желілерде аумақтық департаменттерде жеке парақтар құрылды. Сіздің азаматтық белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз.