Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттіктің Төрағасы А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 16.05.2018, 15:00
- 16.05.2018, 18:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Кеңес Мақсат 16.05.2018, 17:13, Сұрақ нөмірі: 7692
Саламатсыз ба Алик Жатқамбайұлы! Алматы қаласындағы аумақтық департаментте жетекші маман лауазымы небәрі 2 штат қана. Қалада жастар көп осы органға жұмысқа тұрғысы келетін. 2 миллионнан астам халқы бар қалаға бұл штат аз емес пе? Болашақта ұлғаяды ма жетекші маман лауазымы? Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.May.2018, 20:24
Құрметті Кеңес Мақсат! Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымдары және штат саны туралы Агенттік Төрағасының бекітілген бұйрығына сәйкес, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басым бөлігінде (С-О-6) жетекші маман төмен лауазымдары енгізілген. Сонымен қатар, штат санын есептегенде аумақтың халық саны және мемлекеттік қызметшілерінің саны назарға алынады. Агенттіктің аумақтық органдарында штат санының көп болмауына байланысты, олар көбірек білікті мамандарды тартуға қызығушылық танытады. Осыған байланысты, Агенттіктің аумақтық органдарында С-О-6 санаты бойынша штат санын көбейту жақын уақытта мүмкін емес.