Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі

«Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 17.05.2018, 10:00
  • 17.05.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Ш/қ"төңкеріс К" 17.05.2018, 10:27, Сұрақ нөмірі: 7693

  • 0

Құрметті, Қырымбек Елеуұлы! Облыстың егінші қауымы мемлекеттік қолдаулар арқасында жыл сайын жоғары өнімділікке қол жеткізіп келеді. Облыс басшылығының шаруаларға көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғысымыз шексіз. Дегенмен, егіншілік саласы бойынша қазіргі уақытта «гектарға» төленетін субсидия төлеу тоқтатылады деп жатыр. Бұл, біз секілді шағын шаруашылықтар үшін қиындық туғызатыны белгілі. Алайда, біздің облыста тек күріш дақылына субсидия төленеді деп естудеміз. Осы жөнінде білгіміз келеді, бұл қаншалықты рас?!

Қызылорда облысы 17.May.2018, 10:49

Ия. Сұрағыңыз өте орынды. Бұған дейінгі жылдары басым дақылдар үшін «гектарға» субсидия төленіп келгені белгілі. Алайда, Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасында «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» нарықта жоғары сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп өнімдерін өндіріп, экспорттық әлеуетті арттыруға жұмыс жасайтындығы баса айтылған. Сол себепті де, үстіміздегі жылдан бастап тиімсіз деп есептелген (егіс көлемі ұлғайып, өндірілген өнім көлемі өзгеріссіз) «гектарлық» субсидия тоқтатылатын болды. Дегенмен, күріш шаруашылығын субсидиялау үшін біз Министрлікпен келісіп, күрішке төленетін «гектарлық» субсидияның механизімін өзгертіп, өңдеуге өткізген көлемді субсидиялау жоспарланып отыр. Ал, 2019 жылдан бастап барлық «гектарға» төленетін субсидиялар мүлдем тоқтайтын болады. «Гектарлық» субсидиялардың қысқаруы шаруашылықтардың қаржы-экономикалық жағдайларына кері әсер етпес үшін, «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ-ы арқылы күріш кластерін әрі қарай дамыту жолдары қарастырылатын болады. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын еліміздің экономикасы үшін аса маңызды бағыт ретінде белгіледі. Сондықтан, аграрлық бизнестің дамытуына кең қолдау көрсету әрі қарай жалғасын табатын болады.