Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі
«Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.05.2018, 10:00
- 17.05.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Козыбаев Айбек 17.05.2018, 11:01, Сұрақ нөмірі: 7694
Қайырлы күн! Рамазан айы құтты болсын! Сізге сұрағым, мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты біраз өзгерістер болады деп естідік, осы туралы не айтар едіңіз?
Қызылорда облысы 17.May.2018, 11:25
Саламатсыз ба, Айбек?! Сұрағыңызға рақмет! Мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты жаңа ереже қабылданады деп күтілуде. Алайда, қазіргі күнде біздің қолымызға жаңа бұйрықтың жобасы келген жоқ. Жаңа қағида мен қолданыстағы қағидада айтарлықтай айырмашылық бола қоймас деп ойлаймын. Ал мал шаруашылығыны қатысты үлкен жаңалық жақында ҚР АШМ-гі етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламада мал шаруашылығын дамытуға көптеген жеңілдіктер қарастырылып отыр. Негізінен алдағы тұрған басты міндет етті мал шаруашылығымен айналысатындарды ірі кооперативтерге біріктіріп, сапалы ет өндірісінің біріңғай жүйесін құрып, өнімімізді экспортқа бағыттауымыз қажет. Осыған байланысты мүйізді ірі қара малдарын алушыларға мемлекет тарапынан 15 жылға 4%-бен жеңілдетілген несие ұсынылмақшы. Бұдан бөлек кепілдік дүниесі жетпейтіндерге «ҚазАгроКепіл» АҚ-мы арқылы кепілдендіру жолдары қарастырылуда.