Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі
«Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 17.05.2018, 10:00
- 17.05.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Кенжебек Рашид 17.05.2018, 14:10, Сұрақ нөмірі: 7700
Қайырлы күн! Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында несие ала алмай жүрмін. Себебі, кредиттік серіктестікке барсам, мамандар Сіз несие алу үшін кепілдемеңіз жеткіліксіз деп қайтарып жіберді, осы мәселемді қалай шеше аламын? Кепілдікке қойылатын мүлік жеткіліксіз болған жағдайда қандай көмектер бар?
Қызылорда облысы 17.May.2018, 14:27
Саламатсыз ба?! Бағдарлама аясында ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді «ҚазАгроКепіл» АҚ жүзеге асырады. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен бағдарлама қатысушыларын кепілдендіруге 184,9 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бағдарлама қатысушыларына кепілдік ақысыз негізде төмендегідей кепілдік мөлшерінде ұсынылады: Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредит сомасының 85 %-ын және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасының 50 %-на дейін кепілдік беріледі.