Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі

«Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы мемлекеттік қолдаудың рөлі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 17.05.2018, 10:00
  • 17.05.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Онищенко Елена 17.05.2018, 14:39, Сұрақ нөмірі: 7701

  • 0

Қайырлы күн, Қырымбек Елеуұлы! «Бастау бизнес» оқу жобасы бойынша оқып, несие алуға Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына барсам, 2017 жылға бөлінген несие қаржысының беріліп болғандығын айтуда, алдағы уақытта шағын және орта бизнес ашып кәсібімді жүргізу үшін биылғы жылы несие беру қаражаттары бөліне ме?

Қызылорда облысы 17.May.2018, 14:50

Саламатсыз ба,Елена?! Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2016 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің № 919 қаулысымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған. Аталған бағдарлама бойынша үстіміздегі жылға Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде Қызылорда облысына 1 810,9 млн. теңге несие қаражаттары қарастырылған. Осыған орай, облыс әкімдігі қазіргі таңда, жоғарыда аталған қаражаттардың бөлінісін жасап, «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ – на 810,986 млн. теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 1000,0 млн. теңге қаражаттарына кредиттік шарт жасасып, есеп шоттарына аударды. 2017 жылы «Бастау Бизнес» оқу жобасы бойынша облысымызда 937 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған, оның ішінен 358 адам ғана несиеге қол жеткізген болса, несиеге қол жеткізбегені 579. Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы облыста 1600 адамды оқыту жоспарланған. Осыған орай, облысқа бөлінген 1 810,9 млн. тенге қаражаттың жеткіліксіздігін ескере отырып, облысқа қосымша 1 400 млн. теңге қаражат бөлу жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша бюджеттік өтінім жолданды.