«Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлері»
Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне қатысты сұрақтарды қарау
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.05.2018, 09:00
- 29.05.2018, 18:00
- Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі
Толебаева Нургуль 29.05.2018, 10:01, Сұрақ нөмірі: 7710
Аблайкит сакралдық орын болып табыладыма және де әлі зерттеу жұмыстары жүргізіледіме?
Шығыс Қазақстан облысы 29.May.2018, 16:06
Құрметті, Нургуль! Аблайкит ғибадатханасы сакралдық орын болып табылады. Жергілікті маңызы бар сакралдық объектілер тізіміне енгізілді. Бұл нысан бүгінгі күнге дейін, ғибадатхананың тамаша үлгісі ретінде ғалымдардың назарын өзіне аударып келген. 2016 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» аясында қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде құнды деректер, жәдігерлер табылды. Оның ішінде табылған қол жазбалар ғылым әлеміне жаңалық әкеліп, Шығыс Азияға назарын аудартқан алғашқы туындылар болып саналады. Қазба нәтижесінде табылған жәдігерлер мұражай қорларын толықтыруда. Биылғы жылы да зерттеу жұмыстары жалғасады. 3 жылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша Аблайкитте жоба жетекшісі академик, тарих ғылымдарының докторы К.М.Байпаков монография жариялайды.