Энергетика министрінің халық алдындағы (2018 жылғы 19 маусым) есеп беру кездесуіне Энергетика министрлігінің форумы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің форумына қош келдіңіздер. Министрлік көкейлеріңізде жүрген мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетика салалары және қоршаған ортаны қорғау бойынша сұрақтарыңызды қоюды сұрайды. Қызықты және жемісті ынтымақтастыққа үміттіміз. http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=19435
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 11.05.2018
- 19.06.2018, 18:00
- Энергетика министрлігі
Утеков Нурболат 08.06.2018, 16:19, Сұрақ нөмірі: 7719
Сәлеметсіздер ме. 4 тоқсанда 3 мұнай өңдеу зауыты толық жұмысқа қосылған кезде жанармай бекетіндегі жанармайдың бағасы қанша болмақ?
ҚР Энергетика министрлігі 14.June.2018, 14:48
Құрметті Нурболат! 2015 жылдың тамыз айынан бастап АИ-92 маркалы бензин және 2016 жылдың шілдесінен бастап дизель отынына бағаны мемлекеттік реттеуден алынып тасталды. Осылайша дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензин бағасы бүгінгі күні сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады, яғни нарық реттейді. Құрметпен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі