2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы
«2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» тақырыбына өтетін интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова жауап береді.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 12.06.2018, 15:00
- 12.06.2018, 17:00
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті
Оразымбет Ғалымжан 12.06.2018, 15:19, Сұрақ нөмірі: 7723
Сәлеметсіз бе! Жақында Есеп комитетінің Парламент мәжілісіндегі баяндамасында кейбір жобаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржының 80 пайызы консалтинг қызметіне жұмсалғаны айтылды. Бұл қаржының мақсатсыз жұмсалуы емес пе?
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 12.June.2018, 18:11
Аталған фактілер халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын зерттеулерді жүргізуге (соның ішінде консультанттарға) бөлінген қаражаттың тиімділігіне талдау жүргізу кезінде байқалған болатын. Есеп комитеті ақпарат алудың балама көздері, соның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде бар табысты іске асыру мысалдары мен тілдік кедергілер жоқ тәжірибелерді зерделеу бола тұра, проблемалық мәселелерді шешу үшін халықаралық консультанттар тартуды байқады. Халықаралық жобаларды іске асыру үшін тартылатын консультанттарға ақы төлеуді реттейтін әдістеме жоқ. Мәселен, қарыз қаражатының едәуір бөлігін халықаралық сарапшыларды тартуға бағыттау жалғасып отыр, олардың қаламақылары отандық мамандарға ақы төлеуге қарағанда шамамен 4 есеге артық. Бұдан басқа, қолданыстағы ұлттық заңнамада сыртқы қарыз қаражатын пайдалану кезінде консультациялық қызметтерді сапасыз көрсеткен халықаралық сарапшылардың жауаптылығы регламенттелмеген. Талдау аудит объектісіне шықпастан, сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде жүргізілгендіктен, аталған бағытта қаражатты мақсатына сай пайдаланбау фактілері анықталған жоқ. Дегенмен, Есеп комитеті мынадай ұсынымдар берді: 1. Халықаралық консультанттардың қызметтеріне жұмсалатын шығындарды барынша азайту мақсатында: - мамандану аясы тар бағыттарда отандық ғылыми әлеуетті пайдалану үшін ғылыми-зерттеу институттарының қолданыстағы желілерін және олардың қызмет салаларын зерделеу; - Астана халықаралық қаржы орталығының «алаңын» пайдалану арқылы халықаралық консалтингтік компаниялардың сарапшыларын тарту бойынша бірыңғай орталық құру; - консультацияларға шетелде білім алған отандық мамандарды, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тарту практикасын кеңейту орынды. 2. Арнайы комиссия құру қажет (болмаса қолданыстағы құрылымға қосымша құзырет жүктеу), ол орындылығы, қайталануды болдырмау, есептеулердің, халықаралық гранттар есебінен жүргізу жоспарланған зерттеулер нәтижелерінен болжамдалатын экономикалық әсердің негізділігі мәніне ҰЭМ сараптамасының қорытындылары бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын болады.