2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы
«2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» тақырыбына өтетін интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова жауап береді.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 12.06.2018, 15:00
- 12.06.2018, 17:00
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті
Оразымбет Ғалымжан 12.06.2018, 15:27, Сұрақ нөмірі: 7730
Осы жылдың наурыз айында Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников мырза республикалық бюджет жобасын толыққанды талдауға кедергі болып отырған себептер туралы айтқан болатын. Қазіргі кезде бұл бойынша қандай шаралар жасалды? Кедергілер жойылды ма? Жою бойынша қандай жоспарлар, нақты шаралар қабылданатын болады? Рахмет!
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 12.June.2018, 18:08
Есеп комитетінің мүшесі К.Ф. Плотников Мемлекет басшысы басым міндеттер ретінде атап көрсеткен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша міндеттердің ойдағыдай шешілуі мемлекеттік басқарудың тиімділігіне байланысты екенін атап өтті. Осы мәселеде бюджетті сапалы жоспарлаудың маңыздылығы жоғары. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау жоспарлаудың тиімділігін арттырудың қосымша құралы болуы мүмкін. Есеп комитетіне бағалау жүргізу бойынша тиісті құзырет 2017 жылдан бастап берілді. 2017 жылғы алдын ала бағалауды іске асыру практикасы жоспарлау сапасын арттыру бойынша негізгі мақсатқа қол жеткізілмегенін айғақтады, бұл бюджетті қалыптастыру процесінің өзіндегі жүйелі кемшіліктерге айтарлықтай дәрежеде байланысты болды. Біріншіден, Есеп комитетінің қорытындысын Үкіметке жолдау мерзімінің бюджет жобасын Парламентке енгізу мерзімімен (норматив бойынша 1 қыркүйекке дейін) сәйкес келуі бюджет жобасын Есеп комитеті жасаған тұжырымдар мен ұсынымдарды ескере отырып қайта қарауға мүмкіндік бермейді. Сол арқылы алдын ала бағалаудың алдын алу функциясы нивелирленген. Екіншіден, бағалау Қаржы министрлігі әзірлеген бюджет жобасының нұсқасына Үкімет оны мақұлдағанға дейін жүргізіледі. Бюджет жобасының бағалау жүргізілген нұсқасы мен Парламентке енгізілген нұсқасының теңтүпнұсқалы болмауы тиісті заң жобасын қараған кезде оның тиімділігін төмендетеді. Үшіншіден, бюджет жобасында ескерілген ұсынымдар бойынша Үкіметтің Есеп комитетімен кері байланысы жоқ. Алдын ала бағалау барысында дайындалған, бюджет жобасында ескерілген тұжырымдар мен ұсынымдар бойынша ақпараттарды Есеп комитетіне республикалық бюджет қабылданғаннан кейін үш ай ішінде беру қажеттігі заңнамада көзделген. Осылайша, бюджет жобасы бойынша алдын ала бағалау шеңберінде анықталған кемшіліктерді Үкіметтің іс жүзінде жойғандығын Есеп комитеті оны Парламентке енгізгенге дейін талдай алмайды. Осындай жағдай кезінде біздің ұсынымдарымызды ескере отырып, жобаны түзету бойынша Үкіметтің түсіндірме жазбасында көрсетілген ақпаратты Парламент сөзсіз қабылдауы тиіс. Төртіншіден, инвестициялық жобаларды іске асыруға мәлімделген, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары жобаларына салынған қаражаттың экономика салаларын дамытуға әсерін толыққанды талдауға бюджет жобасын қалыптастыру процесін автоматтандырудың болмауынан Қаржы министрлігінің қауырт жұмыс істеуі кедергі келтіріп отыр. Қаржы министрлігінің мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін Есеп комитетінің жүйесімен интеграциялау қазіргі уақытқа дейін іске асырылған жоқ. Бұл – алдын ала бағалаудан депутаттар күтулерін сапалы іске асыру жолында Есеп комитеті көріп отырған негізгі тәуекелдер. Есеп комитеті екі кезеңді процесс енгізу арқылы алдын ала бағалау жүргізу тетігін қайта қарау қажеттігі туралы атап өтті. Бірінші кезең. Сценарийлік болжам мен бюджеттік бағдарламалар жобаларына арналған алдын ала қорытындыны (тұжырымдар, ұсыныстар) Болжам мақұлданға дейін және бюджет жобасы қалаптастырылғанға дейін, яғни, ағымдағы қыржы жылының 1 тамызына дейін дайындау. Осылайша, бюджет жобасын Үкімет мақұлдағанға дейін алдын ала бағалау нәтижелерінің болуы бюджетті жоспарлау сатысында мемлекет қаржысын басқару бойынша қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттырады және Есеп комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, жобаны түзетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке және Есеп комитетіне енгізу - алдын ала қорытындыда көрсетілген ұсынымдар бойынша Үкіметтің ұстанымдарын түсіндірме жазбада көрсете отырып, қолданыстағы мерзімдерде - 1 қыркүйекке дейін іске асырылатын болады. Екінші кезең. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және Парламентке енгізілген оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша республикалық бюджет туралы заң жобасына арналған Есеп комитетінің қорытындысын 20 қыркүйекке дейін дайындау. Екінші кезеңді іске асыру жобаның өзекті нұсқасына қорытынды дайындауға және депутаттарға барынша сапалы және теңгерімделген бюджет ұсына отырып, Есеп комитеті ұсынымдарының нақтыланғандығын бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті ұсыным Үкіметке жіберілген болатын. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу бойынша мәселелерді пысықтауда.