2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы

«2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» тақырыбына өтетін интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова жауап береді.

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 12.06.2018, 15:00
  • 12.06.2018, 17:00
  • Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті

Оразымбет Ғалымжан 12.06.2018, 15:35, Сұрақ нөмірі: 7731

  • 0

Есеп комитеті әзірлеген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тым қысқа,толық емес. Сандық көрсеткіштер жалпылама, үстіртін ұсынылған. Толық, жан-жақты талданған есеп қашан ұсынылады?

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 12.June.2018, 17:11

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның талаптарына сәйкес Есеп комитеті тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытындыны жариялайды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорытынды бекітілгеннен кейін, ол мемлекеттік құпия, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимінің сақталуы ескеріле отырып, республикалық БАҚ-та жариялануға тиіс.