2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы

«2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» тақырыбына өтетін интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова жауап береді.

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 12.06.2018, 15:00
  • 12.06.2018, 17:00
  • Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті

Оразымбет Ғалымжан 12.06.2018, 16:35, Сұрақ нөмірі: 7736

  • 0

"Zertteu Research Institute" Қоғамдық Қорының бюджет есебінің ашықтығы, жариялануы туралы сұрағына берген жауабыңызға сәйкес мынадай сұрақ туындап отыр: бюджеттің орындалуы туралы есептердің жариялануы, қол жетімділігі, құпиялық шарттары қай заңмен анықталады?

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 12.June.2018, 18:57

Есеп комитеті құпиялық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік аудит нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Құпиялықты қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау режимін сақтау бойынша негізгі талаптар Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі); 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодекстерінде, сондай-ақ 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы», 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарда регламенттелген. Мемлекеттік аудит нәтижелері Есеп комитетінің бюллетенінде жарияланатынын және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерге қосылатынын атап өткен жөн. Бұл ретте «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес аудит объектілері болып табылатын мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит нәтижелерін интернет-ресурстарында жариялайды (16-баптың 4-тармағы).

Оразымбет Ғалымжан 12.06.2018, 16:46

Осы мәселені реттейтін заң, баптар жайлы нақты, толық жауап берсеңіз. Рахмет!