Индустрияландырудың экономиканы әртараптандырудағы рөлі

«Индустрияландырудың экономиканы әртараптандырудағы рөлі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 15.06.2018, 10:00
  • 15.06.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Қали Назерке 15.06.2018, 13:00, Сұрақ нөмірі: 7746

  • 0

Сәлеметсіз бе! Облысымызда металлургия саласын дамыту арқылы ванадий мен қорғаныс-мырыш кеніштерін игеруге қадам жасалуда. Бүгінгі күні қандай нәтижелерге қол жетті?

Қызылорда облысы 15.June.2018, 13:20

Қайырлы күн! Өңірімізде металлургия саласын дамытудың Жол картасына енген 3 «зәкірлі жобасы» жүзеге асырылуда. Олар «Шалқия» кен байыту комбинатының құрылысы, «Баласауысқандық ванадий» кенішін игеру және ферроқорытпа зауыты жобалары. Шалқия кеніші мырыш пен қорғасын қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі кеніштердің бірі. Жобаның қаржыландыру мәселесі Еуропа қайта құру және даму банкімен шешілген. Кен байыту фабрикасын бір мезгілде жобалауды және салуды жүзеге асыратын бас мердігерді таңдау жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезеңде комбинат 2 млн тонна руда өңдесе, екінші кезеңде 4 млн тонна руда өңдейтін болады (құны - 165 млрд.теңге, жұмыс орны – 1540 адам). Баласауысқандық ваннадий кенішінде өндірілген алғашқы қазақстандық өнім экспортқа шығарыла бастады. Былтырғы жылы метаванадат аммоний экспортталатын елдер қатарына Ұлыбритания қосылып, кәсіпорын экспорт көлемін 3,2 есеге ұлғайтқан болатын (2016 ж. – 39,5, 2017 ж. – 128,5 тонна). Биыл 4 ай ішінде «Фирма балауса» ЖШС-гі Ұлыбритания еліне құны 259,5 млн.теңгені құрайтын 58,4 тонна метаванадат аммонийді экспорттады.