Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы

«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 15.06.2018, 10:00
  • 15.06.2018, 17:00
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Оналбаев Ержан 15.06.2018, 14:10, Сұрақ нөмірі: 7747

  • 0

«Дарын» сыйлығына үміткерлерді кімдер ұсына алады? Мәселен, үміткер өзін-өзі ұсына ала ма?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.June.2018, 14:47

Құрметті Ержан Оналбаев, сұрағыңызға рақмет. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы еліміздің талантты жастарының адал еңбектері үшін ынталандырып қана қоймай, олардың жетістіктері мен еңбектерін насихаттауға бағытталған, сондықтан осы сыйлықты алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер жүргiзе алады. Бұл дегеніміз әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар егер үміткер жоғары оқу орнының студенті немесе қызметшісі болса сол оқу орны сияқты ұйымдар ұсына алады. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иелену үшін үміткер боламын деген жастар өзін-өзі ұсынуы сыйлықтың бекітілген талаптарына сәйкес келмейді.