Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 15.06.2018, 10:00
- 15.06.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Демесинова Лаура 15.06.2018, 14:54, Сұрақ нөмірі: 7750
Мемлекеттік «Дарын» сыйлығына конкурс жарияланды. Байқаудың шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар қандай?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.June.2018, 15:15
Сұрағыңызға рақмет, Лаура Демесинова. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. Дарын сыйлығына еліміздің 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3-тармағы (жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары) Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. «Дарын» сыйлығы бір уақытта әр номинация бойынша екі үміткерге беріледі, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлық қайталап берілмейді. Бiр үміткерді бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.