Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 15.06.2018, 10:00
- 15.06.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Жолдыбаева Умитжан 15.06.2018, 15:01, Сұрақ нөмірі: 7751
Марапат қанша номинация бойынша тағайындалады? Конкурстың қоғамдық-материалдық игіліктері қандай?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.June.2018, 15:19
Құрметті Умитжан Жолдыбаева, сұрағыңызға рақмет. Жалпы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жалпы 10 номинация бойынша беріледі. Олар: Әдебиет; Ғылым; Дизайн және бейнелеу өнері; Журналистика; Классикалық музыка; Эстрада; Спорт; Халық шығармашылығы; Қоғамдық қызмет; Театр және кино. Аталған номинациялар бойынша салалардың дамуына өз үлестерін тигізіп жатқан талантты жастар. Осы конкурс оларға одан әрі мотивация беретініне сенімдіміз. Ол да әлеуметтік лифтілердің бір түрі. Бүгінгі күні «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына берілетін қаражат сомасы әр номинация бойынша 200 мың теңге. Ал, жалпы сомасы 2 млн. тенге. Қазіргі уақытта Министрлік «Дарын» сыйлығының ақшалай мөлшерін арттыру туралы мәселені көтерді. Аталған бастама Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау тауып, осы бағыттағы жұмысты мүдделі мемлекеттік органдармен жұмысты жүргізуде. Жалпы екі-үш есеге көтеруді жоспарлап отырмыз.