Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуін өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді. Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-04, 8(7172) 74-28-55 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы http://www.enbek.gov.kz арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің блогына бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз. Кіру ашық.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 0
  • 01.06.2018, 21:00
  • 19.06.2018, 18:30
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі

Суслякова Луиза 19.06.2018, 11:26, Сұрақ нөмірі: 7757

  • 0

Здравствуйте.До каких пор будут обманывать людей при оформлении пенсии?