«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы негізгі ережелері туралы
«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы негізгі ережелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Интернет-конференция барысында дін саласындағы заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы сұрақтарға Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 22.06.2018, 15:00
- 22.06.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Хамитов Айдар 22.06.2018, 16:43, Сұрақ нөмірі: 7766
Мемлекеттік қызметкерлердің және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің діни шараларға қатысу тәртібін реттеу олардың ар-ождан бостандығына қатысты құқықтарын шектемей ме?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 22.June.2018, 16:49
Саламатсызба! Қайырлы күн! Айдар Хамитов Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар шектеулер бар екені белгілі. Осыған орай, Заң жобасында аталған шектеулерді Заң деңгейінде белгілі бір мөлшерде шектеу ұсынылып отыр. Бұлар өзінің қызметтік мүмкіндіктерін діннің мүдделеріне пайдаланбау, өзіне бағыныстағы қызметшілерді діни қызметке мәжбүрлемеу және діни бірлестікті құруға бастамашы немесе оның мүшесі болмауға қатысты. Тиісті норманы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен және ҚР Ұлттық банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерін де шектеу сипатындағы нормалармен қамту ұсынылады. Жалпы, ұсынылатын нормалар азаматтардың аталмыш санатының дін саласындағы негізгі құқықтарына, мысалы жұмыс уақытынан тыс кезде діни іс-шараларды және рәсімдерді орындау немесе оларға қатысу құқықтарына әсер етпейді.