«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы» тақырыбында интернет-конференция. Қолданушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төраймы Ә.Ғалымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 10.07.2018, 15:00
- 10.07.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Оспанова Гульдана 10.07.2018, 15:39, Сұрақ нөмірі: 7786
Елбасы 13 маусымда қоғамдық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Осы заң жобасы туралы айтсаңыз?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 10.July.2018, 15:51
Заңның негізгі мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көрсетілетін қызметінің сапасын арттыру, құзыретті органға мәліметтер беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыру саласында заңнаманы жетілдіру болып табылады. Заң бірқатар жаңалықтармен толықтырылды. Біріншіден, азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстарды жіберу жолымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үшін қатысу мүмкіндігін иеленуі болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жүйесі енгізіледі. Үшіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар немесе стандарттар ұсынылды. Төртіншіден, сыйлықақыларды және гранттарды беру механизмі жақсарып келеді. Бесіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттарды ұсыну және сыйлықақыларды беру бағыттары нақтыланды.