Өңірдегі жастарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы
«Өңірдегі жастарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 23.07.2018, 10:00
- 23.07.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Базарбеков Ерболат 23.07.2018, 10:24, Сұрақ нөмірі: 7788
Саламатсызба, Қырымбек Елеуұлы!
Тікелей Өзіңіздің қолдауыңызбен Ресей Федерациясы үкіметінің бюджеті есебінен жас түлектер білім алып, ағымдағы жылы алғашқы бітіруші түлектер елге оралады. Олардың жұмыспен қамтылуына да қолдау көрсете аласыз ба?
Қызылорда облысы 23.July.2018, 10:38
Қашаннан білікті маман – ол еліміздің, оның ішінде аймағымыздың дамуының негізгі ұйытқысы. Біз 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіп келеміз. Бүгінгі күні Қызылорда облысы әкімдігінің жолдамасымен Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарында 452 сырбойылық жас білім алуда (Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінде (МИСиС) – 218 студент, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде – 122 студент, Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлі технологиялық университетінде – 112 студент). 75 студентіміз осы айда Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралады, олардың ішінде 14 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруды жоспарлап отыр. Біз бұл жастарға айрықша үміт артамыз. Қазірдің өзінде облыстың бірқатар кәсіпорындары түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Мысалы, «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 8 жас маманды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырса, «ҚазАтомПром» кәсіпорны, «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты, Қызылорданың кішітонажды мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» және басқа да ірі кәсіпорындар түлектерді жұмысқа қабылдауға тілек білдіріп отыр. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады.