Өңірдегі жастарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

«Өңірдегі жастарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 23.07.2018, 10:00
  • 23.07.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Аукенов Ардак 23.07.2018, 13:45, Сұрақ нөмірі: 7792

  • 0

Қырымбек Елеуұлы, аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қандай оң қолдаулар бар?

Қызылорда облысы 23.July.2018, 14:11

Қазіргі таңда Елімізде, оның ішінде өңірімізде жастарға және жастар ұйымдарына барынша қолдау жасалуда. Өңірімізде өз алдына мемлекеттік жастар саясаты мәселелерімен айналысатын арнайы құрылым – облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы және барлық аудандарда менің тапсырмаммен жастар ресурстық орталықтары құрылды. Нәтижесінде бүгінгі күні облыста 9 жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсетеді. Онда 82 маман жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап әрбір ауылдағы жастар мамандарының штаттары толық шешілді. Жастар бастамаларына қолдау көрсету, оларды жүзеге асыру бойынша бюджет қаржысы есебінен түрлі әлеуметтік қызметтер жүзеге асырылуда. Биылдың өзінде бір ғана облыстық құрылым арқылы 130 млн-ға жуық қаржыға 13 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, облыста 45 әлеуметтік қызмет жастар мәселелеріне арналды.