Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Ғани Пазылбек 18.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

САУАТ МЫРЗА! Айтыңызшы,қосымша злектр желісіне қосылу үшін жеке кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған? Маған техникалық шарт алуыма(техусловия) 1квт 42400тн, есептегенде миллион тенгедей төлеуге тура келеді( монтаждау жұмысын қоспағанда) РАХМЕТ.

Администратор 27.07.2008

Жауап: Энергия беруші ұйым тұтынушыға (шағын және орта бизнес субъектісі) қосымша қуаттар қосу үшін электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту және кеңейту үшін қаржы қаражатын қарастыруы қажет. Энергия беруші ұйым берілген қаржы қаражатын тұтынушыға босатылатын электр энергиясының тарифін өсіруге салуы мүмкін. Нәтижесінде, нақты кәсіпорынды энергиямен жабдықтау үшін энергетика объектілерін қайта жаңартуға және кеңейтуге жұмсалатын шығындар тариф түрінде барлық электр және жылу энергияларын тұтынушыларға – жеке және заңды тұлғаларға жүктелетін болады. Энергия беруші ұйым сонымен қатар банк қаражатын кредит есебінен пайдалана алады, бұл тарифтің шығындық бөлігінің өсуіне алып келеді. Энергия беруші ұйымның қосымша қуаттарды қосқан кезде тұтынушыдан алған қаражаты тарифке салынбайды, бірақ нақты тұтынушы үшін энергия тасымалдау желілерін тікелей кеңейтуге және қайта жаңартуға бағытталады. Осыған байланысты «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына электр және жылу энергияларын тұтынушылар электр энергетикасы қондырғылары объектілерін кеңейту және қайта жаңарту үшін қосымша қуаттарды қосқан кезде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың шығындарын өтеуге міндетті деген норма енгізілді. (19-бап, 2-тармақ). Осы заңның көрсетілген нормаларын орындау үшін Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін (бұдан әрі – Ереже) бекіту туралы 2004 жылғы 8 қазанда Үкіметтің № 1044 қаулысы қабылданды. Агенттік төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-ОД бұйрығымен бекітілген жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесінің 10-тармағына сәйкес, тұтынушыларға ақша қаражатын қайтаруды тұтынушының ақша қаражатын аударған айдан кейінгі отыз жетінші айдан бастап ай сайын тең үлеспен шарттың талаптарына сәйкес энергия беруші ұйым жүргізеді. Қосылатын