Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары О.А.Бектенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 01.08.2018, 15:00
- 01.08.2018, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
АМИНОВ АМАНГАЛИ МЕНДИБАЕВИЧ 01.08.2018, 15:57, Сұрақ нөмірі: 7820
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төреағасының орынбасары Бектенов.О.А.Сізден сұраймын.Шағым Арызды жолдап нақты жауап беруді.Омаров.М. құжаттарының көшірмесін Жаңаөзен қаласының сыбайлас жемқо рлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Мопиков.С.тергеуші Ізбасар.Ә. бер ген дәлелденіп тұр. 27.02.2014ж ҚР Азаматы Омаров.М. Маңғыстау облысы Ақтау қ.27-40-34 тұр ғыны ҚХР Қытайда оқып 17.05.2014ж Маңғыстау облысына келеді.ҚР берілген Паспорт Виза мөрі қойылған бірақ 01.04.2014ж Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. емтихан тіркеу бөлімінде В категория бойынша жүргізуші куәлік алуға емтиханнан өткен №20399 жүргіз уші куәлік 27.05.2014ж шығарылған емтиханға кірмеген реестрде адрес Жаңаөзен 5-57-16 Омаров М ол адресте тұрмайды.Қылмыстық іс қозғаудың орнына полиция қызмет керлеріне көмектесуде берген АНТ-на адал қызмет етпеуде МО ІІД орынбасары Б.Нысан баев Маңғыстау облысында қанша Арыз жазсаңда шеше алмайсың? Сараптама қортынды сы 20.10.2015ж.Бекмурзиева.Г.С. ҚР мен Шетел ҚХР Қытайды айыра алмайтын қызмет кер қалай қызмет етуде ҚР Заңында ҚХР Қытайда жүрген Азамат ҚР емтиханға кіре алма йды Визасы бар мөрі қойылған сараптама жасалған дәлелденіп тұр. ҚР ІІМ емтиханға кір
мей жүргізуші куәлік алуға болады деген Заң жазылған ба? Әлде Жаңаөзен қаласында болама?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.August.2018, 20:43
Құрметті Амангали Мендибаевич! Сіздің Жаңаөзен Ішкі істер басқармасы Тіркеу-емтихан бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген қылмыстық істі Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жаңаөзен аймақаралық басқармасының негізсіз тоқтатқаны туралы арызыңы қаралды. Бұдан бұрын хабарланғандай, жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс бойынша оңды шешім қабылдау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерделеудің жан-жақтылығы, толықтығы және әділдігі қамтамасыз етілген. Қабылданған шешіммен құзырлы органдар келіскен. Сондықтан, прокуратура органдарына қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы талап-тілекті енгізуге негіз жоқтығын қосымша хабарлаймыз. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 105, 106-баптарына сәйкес Сіз прокуратураға немесе сотқа өз бетіңізше жүгінуге құқылысыз. Бұл ретте, Ұлттық бюро Сіздің бұдан бұрын келіп түскен барлық ұқсас шағымдарыңызды заңмен белгіленген тәртіп пен мерзімде қарағанын және олар бойынша негізді жауаптар бергенін атап өту қажет.