Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру
«Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру» тақырыбында интернет-конференция. Қолданушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төраймы Ә.Ғалымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 23.08.2018, 15:00
- 23.08.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"Алматы Облысының Азаматтық Альянс" Ассоциациясы Формасындағы Заңды Тұлғалардың Бірлестігі 23.08.2018, 15:10, Сұрақ нөмірі: 7862
ҚҚ қызметтері көрсеткендей, қалыптастыру, ротациялау, белсенді емес кеңес мүшелерін қоғамдық құрамнан алып тастау маңызды мәселелер болып табылады.
Осы мәселені шешу жолдары қалай?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 23.August.2018, 16:26
Қалыптастыру мәселесін ішінара шешу үшін қолданыстағы заңнаманың шеңберінде Үлгілік ережеге ҚК қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы сол Кеңестің өкілеттілік мерзіміне қалыптастыру туралы норма енгізілді. Осы уақытқа дейін әр конкурсқа жеке ҚК қалыптастырылатыны жөніндегі жұмыс топтары құрылған. Сонымен қатар, ҚК өздеріне алдын ала сайлау өткізу мүмкіндіктерін алу үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, ҚК өздерінің конкурстық рәсімдерін өткізу және кандидаттар резервтік парағын құру арқылы ҚК мүшелерінің сайлау алды рәсімдері заң жобасының тұжырымдамасында енгізілген. Резервтік парақтар болған кезде ҚК мүшелерін қосымша сайлауды жүргізу қажеттілігін ҚК-нің өзі айқындайтын болады. Ротациялау механизмі 18 айдан кейін 1/3 кеңес мүшелерінің яғни кеңестер өкілеттілік мерзімінің тең жартысын жаңарту арқылы шешуді ұсынады. Өздеріңізге мәлім, заңнамаға сәйкес кеңестер өкілеттілігінің мерзімі 3 жылды құрайды. ҚК қызметіне байланысты отырыстарға қатыспаған ҚК құрамынан мүшелерді алып тастау үшін немесе коммерциялық емес ұйымның құрамынан шығып қалғандығы, ҚК құрамына мүшелікке алынған өкілдерге заң жобасы шеңберінде ҚК мүшелерінің уәкілеттігін тоқтатуды регламенттейтін рәсімдер нормалары енгізілетін болады. Олар: - ҚК жұмысына қатыспағандар; - өздері ұсынылған коммерциялық емес ұйымның құрамынан шығып қалғандар; - ҚК отырыстарына бір жыл ішінде себепсіз үш мәрте қатыспағандар және т.б.