Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 28.08.2018, 10:00
- 28.08.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сыздықова Күміскүл 28.08.2018, 10:32, Сұрақ нөмірі: 7869
Өзім Қазалы ауданының тұрғынымын. Сұрағым денсаулық саласы бойынша. Өткен аптада күйеуімнің жұмыс бабымен Қызылорда қаласына ауыстық. Қазір №6 қалалық емхананың территориясына көшіп келдік. Біліуімше емханаға тіркелуге міндетті түрде Қазалы ауданынан шығу талонын алып барып, қалаға тіркеле алам. Бармай тіркелуге бола ма?
Қызылорда облысы 28.August.2018, 10:50
Саламатсыз ба! Елбасымыздың бастамасымен осыған дейін қағаз түрінде көрсетілген қызметтердің біршамасы электронды форматқа көшірілуде. Соның ішінде «Емханаға тіркелу» қызметін электронды түрде алуға толық мүмкіндік бар. Ол үшін электронды қолтаңбаңыз арқылы egov интернет порталынан тіркелуіңіз қажет. Сұраныс түскен соң, сізді 1 тәулік ішінде таңдаған емханаңызға тіркейді. Сұрағыңызға рақмет.