Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 160
  • Жауаптар: 124
  • 22.09.2008
  • 10.11.2008
  • Алматы қаласы әкімдігі

Шуйтенова Рабига Калкамановна 02.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Басқа қаладан келген адамдар қалай тұрғылықты тіркеуге тұруға (прописка) болады. Жұмысқа тіркеусіз қалай орналасуға болады. Астана қаласында тұрып жұмыс істеуге қандай мекеме көмек көрсетеді. Ұлттық компанияға орналасу қиын ба?

Администратор 15.10.2008

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуға болады және төмендегі құжаттар болуы қажет: •жеке басының куәлігі (төлқұжат); •еңбек қызметін растайтын құжат немесе еңбек кітапшасы; •әлеуметтік жеке кодын(ӘЖК) беру туралы куәлігі; •салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН). Тіркеу және Ұлттық компанияға жұмысқа орналасуды жеке өзіңіз шешесіз. Басқа қаланың азаматтарын тіркеу тиісті уәкілетті органдармен жүргізіледі. Мекен-жайы: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 9-кабинет.