Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 28.08.2018, 10:00
  • 28.08.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Жалмаганбетова Шаттик 28.08.2018, 10:38, Сұрақ нөмірі: 7870

  • 0

Саламатсыз ба! Мен Арал ауданының Атаншы ауылының тұрғынымын. Біздің ауыл аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылымызда медициналық бекет бар, алайда қосымша қазіргі заманауи аппараттармен тексерілу қажет болған жағдайда бізді облыс орталығына жолдайды. Өзі ауруына ем ездеген адамға, оның ішінде үлкен кісілер мен балаларға 500 шақырымды құрайтын облыс орталығына бару қиынға соғып жатады. Менің сұрағым: шалғай жатқан ауылдың тұрғындары облыс орталығына емес, ауданда болса да жоғары білікті мамандандырылған көмекті қашан алатын болады?

Қызылорда облысы 28.08.2018

Саламатсыз ба! Сұрағыңыз өте орынды. Облыс орталығынан шалғай жатқан аудандар мен елді мекендерге медициналық көмекті қолжетімді қылу, соның ішінде соңғы 15 жыл көлемінде апаттық жағдайдағы Арал ауданындағы ауруханасының күн тәртібінен түспеген мәселесі қаралып, бүгінгі күні оң шешімін тапты. Тиісті қаражат бөлініп, қазіргі таңда Арал ауданында жаңа, заманауи құралдармен жабдықталған аурухана құрылысы, соған қоса, осы ауруханаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде компьютерлік томограф аппаратын қондыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қанайналым жүйесі аурулары себебінен болатын өлім жітімді төмендету және Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2018 жылдың аяғына дейін Қазалы аудандық орталық ауруханасы базасында қантамырларға стент қою, коронарография жасайтын бөлімшесін ашу жоспарлануда, Ал Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалында реабилитация бөлімшесі және эндокринологиялық, терапиялық көмек көрсететін күндізгі стационар қызмет етуде.