Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 28.08.2018, 10:00
  • 28.08.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Сембиева Гульназ 28.08.2018, 10:45, Сұрақ нөмірі: 7871

  • 0

Саламатсыз ба ! Жаңақорған ауданының Өзген ауылының тұрғынымын. Осы ауыл тұрғындарының атынан жазып отырмын. Біздегі дәрігерлік амбулатория өте ескі, апаттық жағдайда. Еш сын көтермейді. Осы мәселе қашан шешімін тауып, жағдайы жасалған амбулаториядан көмек ала аламыз ба ?

Қызылорда облысы 28.08.2018

Саламатсыз ба! Облыстағы барлық апаттық жағдайдағы ғимараттарды кезең кезеңімен жаңалау жұмыстары қарастырылуда. 2018-2020 жылдар аралығында облыс аймағындағы 44 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілетін болады, оның 11-ң құрылысы басталып кетті. Күні кеше, осы тамыз айында мемлекетті жекешелік әріптестік шеңберінде денсаулық сақтау басқармасы мен жекеменшік әріптес арасында «Өзген» дәрігерлік амбулаториясының құрылысын бастау жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс нысанын қолданысқа беру жоспарлануда. Cұрағыңызға рақмет.