Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 28.08.2018, 10:00
- 28.08.2018, 15:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сқақов Азамат 28.08.2018, 10:47, Сұрақ нөмірі: 7872
Саламатсыз ба, Қырымбек Елеуұлы! Менің Жалағаш ауданында тұратын ағама ішектің онкология диагнозын қойғанына 1,5 жылдан асты. Осы уақытқа дейін онкологиялық орталықта ем алып жүрді. Қазір тек ауырсынуды басатын дәрілермен төсек тартып жатыр. Осындай соңғы кезеңдегі науқасты ауруханаға жатқызуға мүмкіндік бар ма?
Қызылорда облысы 28.08.2018
Саламатсыз ба! Ондай мүмкіндік бар. Негізі тұрғындардың өмір сүру сапасын, оның ішінде өмір сүрудің орташа ұзақтығын ұлғайту басты мақсаттарымыздың бірі болып саналады. Осы мақсатта облыс бойынша жарақаттан кейін, әйелдерге босанғаннан кейін оңалту және қатерлі ісікке шалдыққан азаматтарға паллиативтік көмек бөлімшелерін ашу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде ауыр жағдайдағы және симптоматикалық емді қажет ететін науқастарға 2017 жылдан бастап облыстық онкологиялық орталық базасында және барлық аудандық ауруханаларда «паллиативтік көмек» бөлімшесі қызмет етуде. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап алғаш ретмейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға қала орталығында және Сырдария ауданында ауданаралық «Мейіргерлік күтім» бөлімшесі ашылды. Аталған бөлім ауыр жағдайдағы, төсек тартып жатқан науқастарға мейіргерлік күтім жасауға бағытталған. Ағаңыз тіркелген емхананың жолдамасымен аталған бөлімшелерде ем алуына болады.Бұл ем БМСК жолдамасымен барған жағдайда тегін көрсетілетін болады. Сұрағыңызға рақмет.