Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 28.08.2018, 10:00
  • 28.08.2018, 15:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Балсан Индира 28.08.2018, 11:58, Сұрақ нөмірі: 7873

  • 0

Менменің әкем 2010 жылдан бері жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрады. Екі рет жүрегіне ота жасалған. Дегенмен, тағы бір ота жасату қажет болып отыр. Осыған дейін әкемнің Астана қаласына ота жасатуға барған жол ақысы өтелді. Жүрекке ота жасаған адамға күтуші қажет екені айтпасақ та түсінікті. Егер де қасына күтуші ретінде еріп барсам маған да жол ақысы өтеле ме?

Қызылорда облысы 28.August.2018, 13:01

Қайырлы күн! Сұрақ қойғаныңызға рақмет! 2016 жылға дейін жергілікті бюджет есебінен басқа қалаға жоғары мамандандырылған ем алуға жолданған науқастардың жол қаражаты өтеліп келді. 2016 жылдан бастап науқастарды жетелеуші туыстарының жол ақысының өтелу мәселесі облыстық мәслихат шешімімен қанағаттандырылса, биылғы жылы бейінді орталықтарға кеңес алуға жолданған науқастардың да,жетелеуші туыстарының да жол ақы мәселесі оң шешімін тапты. Сондықтан, емделіп келген соң, тиісті құжаттарыңызды денсаулық сақтау басқармасына тапсырып, жолға кеткен қаражат шығынын қайтарып ала аласыз. Аман-есен барып қайтыңыз.