«Мемлекеттік жастар саясатын институционалдық күшейту мәселелері»
«Мемлекеттік жастар саясатын институционалдық күшейту мәселелері» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 07.09.2018, 10:00
- 07.09.2018, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Хамитов Айдар 07.09.2018, 13:17, Сұрақ нөмірі: 7887
Сәлеметсіз бе! Белсенді жастар өкілі ретінде жастардың мәселесін шешуде қалай қатысып, өз тілек-ұсыныстарды білдіре аламын?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.September.2018, 14:41
Құрметті Хамитов Айдар! Рақмет, өте орынды сұрақ. Қазіргі кезде мемлекеттік жастар саясаты саласында көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Біріншіден, өзіңіз сияқты белсенді жас адамдарды жастар мәселелері мен сұрақтарын шешуге атсалысуға шақыра отырып, мемлекеттік жастар саясатында маңызды шешімдер қабылдауға әсер етуге болады. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары жастар мәселесіне назар аударылып жатыр. Сіз тұрып жатқан жергілікті атқару органдарда, әкімшіліктерде, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі маслихаттарында жас депутат болып сайлануға құқығыңыз бар. Сондай-ақ, республикалық әр деңгейде «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты арқылы өз ұсыныстарын білдіре аласыз. Мемлекеттік жастар саясаты саласында жастарды біріктіретін көптеген ұйымдар, оның ішінде қаржылық емес, үкіметтік емес және жастар ұйымдары жұмыс жасайды. Республика көлемінде жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар: «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі, «Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтары республикалық штабы, «Қазақстан студенттер альянсы» студенттер ұйымы, Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, т.с.с. Аталған ұйымдарымен қарым-қатынас орнатып, белсенділік таныту арқылы мүшелік ете аласыз. Жастар мәселелерін тиімді шешуге өз ой-пікіріңізбен бөлісіп, ұсыныстар білдіру арқылы мемлекеттік жастар саясатына ықпал ете алуға болады. Сонымен қатар, жастар саласында өзіңізді мазалап жатқан мәселені шешуге қаржылық емес жастар ұйымын құруға заңмен шектелмеген.