«Мемлекеттік жастар саясатын институционалдық күшейту мәселелері»

«Мемлекеттік жастар саясатын институционалдық күшейту мәселелері» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры А. Оралов

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 07.09.2018, 10:00
  • 07.09.2018, 17:00
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Абдулаева Әлина 07.09.2018, 14:15, Сұрақ нөмірі: 7889

  • 0

Менің есімім Әлина. Қазіргі таңда оқу бітіру үстіндемін. Сондықтан жұмысқа орналасу, не өздігімнен кіші бизнес ашу бойынша сұрақтар туындайды. Жалпы мемлекет тарапынан жастарға көрсетілетін қолдау мен мүмкіндіктер туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.September.2018, 14:43

Құрметті Абдулаева Әлина! Сұрағыңызға рахмет. Жастар қауымы үшін өте орынды және маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда әр облыс пен аудан орталықтарында республика бойынша 210 жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасайды. Бұл мекемелер 2013 жылдан бастап әкімшілік жанында құрылған. Негізгі мақсаты – жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады. Орталықтар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы тетіктердің бірі. Жастар ресурстық орталықтарында психология, дін, құқық секілді салаларды меңгерген білікті мамандар жұмыс жасайды. Басты қызмет түрлері – бұл жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар жайында ақпараттандыру. Сонымен қатар жастар және жастар ұйымдарының бастамаларына қолдау көрсетіп, жастар арасында бос уақытын ұйымдастыруға, жұмысқа орналасуға ықпал ету. Әрине, толассыз ақпарат ағынында жастар қажетті ақпаратты тауып, арнайы мекемелер көмегіне жүгіне алмай жатады. Сол себепті Жастар ресурстық орталықтары алғашқы кез келген жас адамға қол ұшын беретін мекеме. Орталық жайындағы ақпарат әр әкімшіліктің ресми сайттарында таба аласыз. Мамандар туындаған сұрағыңыз бойынша бағыт-бағдар беріп, шешім табуға ықпалдасады. Сонымен қатар, барлық ресурстық орталықтардың мекен-жайын бірегей жастарға арналған сайттан www.eljastary.kz біле аласыз.