Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру (жаңғырту) барысы туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру (жаңғырту) барысы туралы" тақырыбындағы интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 06.09.2018, 09:00
  • 03.10.2018, 10:00
  • Энергетика министрлігі

Самбетбаев Даулет 11.09.2018, 11:17, Сұрақ нөмірі: 7897

  • 0

Сәлеметсізбе, Менің сұрағым неге Қазақстандық май құю бекеттерінде (АЗС) бір маркалы бензиндердің (мысалы АИ 92) сапасы әр түрлі.

ҚР Энергетика министрлігі 20.September.2018, 18:46

Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган (ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті): 1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар: 1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, олардың лауазымды адамдары өткiзу сатысындағы өнiмге қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады. 3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары: 1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады; 3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды мемлекеттік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, сонымен қатар Комитеттің функциялары мен міндеттерін ескере отырып, бұл сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мекенжайына хабарласуды ұсынамыз.