Мектептерде 2018-2019 оқу жылының басталуы

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Директоры Ш. Т. Каринованың интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 12.09.2018, 11:00
  • 12.09.2018, 18:20
  • ҚР білім және ғылым министрлігі

Амангелдиева Маржан 12.09.2018, Сұрақ нөмірі: 7901

  • 0

Сәлеметсізбе! Мектепке қабылдау ережесінде мекен-жай анықтамасы, ата-ананың жұмыс орнынан анықтама қажеті жоқ деген едіңіздер алайда анықтама сұратып жатқандар әлі де көп, бұл неге бұлай?

ҚР Оқу-ағарту министрлiгі 12.09.2018

Сәлеметсіз бе Маржан! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысымен). Өзгерістердің бірі жаңа оқу жылынан бастап 1-сыныпқа қабылданатын балалар үшін ата-аналар мекен жай анықтамасын тапсырмайды, яғни бос орын болған жағдайда ата-аналар баласын кез-келген орта білім беру ұйымына оқуға бере алады. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет: 1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш; 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны); 4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана. Мектеп әкімшілігі ата-аналардан бұдан басқа құжаттарды талап етуге құқылы емес.