Мектептерде 2018-2019 оқу жылының басталуы
Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Директоры Ш. Т. Каринованың интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 12.09.2018, 11:00
- 12.09.2018, 18:20
- ҚР білім және ғылым министрлігі
Кабатова Ботагоз 12.09.2018, 16:40, Сұрақ нөмірі: 7903
Саламатсызба! Бескүндік оқу жүйесіне биыл 10-сыныпқа дейінгілер көшеді делінген. Бұл жағы қаншалықты реттелуде?
ҚР Оқу-ағарту министрлiгі 12.September.2018, 17:12
Құрметті Ботагоз! Бес күндік оқу аптасына көшу 2017-2018 оқу жылында басталды. Осыған байланысты, 2017-2018 оқу жылынан бастап сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрағандықтан, бес күндік оқу аптасына өту барлық 1 мен 11-ші сыныптарға ұсынылды. Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы) ең үлкен апталық жүктеме бекітілді, күн сайын қанша сабақ оқытылуы керектігін, яғни күнделікті оқу жүктемесін мектеп өз мүмкіншіліктерін және ата-аналардың пікірін ескеріп анықтайды.